Назарбаев Түркияға ұшып кетті

Жарияланды

Оны Түркия президенті шақырды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ұшып кетті. Бұл туралы Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.

«Түркия Республикасының Президенті Ердоғанның шақыруымен Елбасы Анталияға дипломатиялық форумға қатысу үшін келді», – деп жазды Үкібай.

Оның айтуынша, Анталия дипломатиялық форумы өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасу алаңы болып табылады. Бұл жолғы форум «Дипломатияны қайта құру» ұранымен өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз