57 қазақстандық жүк көлігінің 49-ы Украинадан шығарылды

Жарияланды

Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны тұр

2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша, бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілері бар Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Украинада еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда.

Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз