Оның құрамына ҚР Премьер-Министрі мен Президент Әкімшілігінің басшысы кірді
«AMANAT» партиясы саяси кеңесі бюросының құрамы өзгерді. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.
Саяси кеңестің қаулысымен AMANAT партиясы Саяси кеңесі Бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;
Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы;
Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті.
Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.