Жаңалықтар

Қытай премьері отставкаға кету мерзімін жариялады

Ол бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді

Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян келесі жылы Қытай үкіметінің басшысы қызметінен кететінін айтты, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Ли Кэцян 2013 жылдан бері премьер-министр болды. Қытай конституциясы үкімет басшысының өкілеттігін екі бес жылдық мерзіммен шектейді.

Си Цзиньпин ҚХР төрағасы лауазымын сақтап қалады, өйткені Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, бұл лауазымдағы өкілеттік мерзімі шектелмейді.