Жамбыл облысында екі заңсыз майнинг фермасы анықталды
Кіріс көлемі 90 миллион теңгеден асты
Қаржылық мониторинг агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері өзара ҰҚК-нің және АЭҚБК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барасында, екі заңсыз майнинг фермаларының қызметтеріне жол кесті, олардын біреуі ТЖО-ның ғимаратында ұйымдастырылған электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық байланысты сақтамай қосылған. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз-қызметі хабарлады.
Тінту іс-шараларын жүргізу барысында криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам жабдықтар табылып, тәркіленді.
Құқыққа қайшы қызметін жүзеге асыру нәтижесінде түскен кіріс сомасы 30 000 000 теңгеден астам қаржыны құрайды.
Екінші ферма ЖШС аумағында орналасқан, басшысы шетел азаматы.
Екінші ферманың кіріс сомасы 60 000 000 теңгеден астам қаржыны құрайды.
Қазіргі уақытта, ҚР ҚК-нің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.