Оның әйелі Мишельде індет анықталған жоқ
АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама коронавирус жұқтырды. Бұл туралы экс-мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.
Обама оның COVID-19 сынағы оң болғанын айтты. Сондай-ақ экс-президент бір-екі күн тамағы ауырғанын, әйтпесе өзін жақсы сезінетінін де қосты. Оның әйелі Мишельдің жұқтырмағаны атап өтілді.
Сонымен қатар, Обама әйелі екеуінің коронавирусқа қарсы екпе алғанын және қайта вакцинацияланғанын атап өтті. Американың бұрынғы басшысы осыған байланысты ел азаматтарына вирус жұқтыру көрсеткіші азайып бара жатқанымен, вакцинацияның маңыздылығын еске салды.