Банк пен қаржы

Үкімет елді дүрлікпеуге шақырды

ҰЭМ дағдарысқа қарсы қандай шара қолға алынғанын жариялады

Екінші деңгейлі банктерде құны 15,3 трлн теңге болатын, жалпы активтердің 40%-ын құрайтын өтімділігі жоғары актив қоры бар. Экономикадағы теріс құбылыстарға  қарсы Үкімет пен Ұлттық Банк Бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асырып жатыр, деп хабарлайды ҰЭМ.

Атап айтқанда, қаржы нарығының орнықтылығын мен теңгелей депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірленген.

Екінші деңгейлі бантердің өтімділгі жоғары активтерінің қоры 15,3 трлн теңгеге тең. Бұл банктерге өз міндеттемелеріне уақтылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Оған қоса, жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Биыл қаңтарда халықтың теңгелік жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 млн. теңгеге дейін, сондай-ақ түрлері мен валюта бойынша әртүрлі депозиттердің ең жоғары кепіл сомасын «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» көбейткен.

Бұдан бөлек, Үкімте бағаның өсуін тежеу мақсатында Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырады.

Ол өнім өндіру көлемін ұлғайту, сақтау мен логистика, бөлшек сауда, бағаны бақылау, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған жедел және орта мерзімді іс-шаралардан тұрады.

Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Күн сайын дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның шеңберінде экономикалық жағдай дамуының әртүрлі сценарийі бойынша шешімдер пысықталады.