Алматы облысында киім мен аяқ киім шығаратын кәсіпорын салына бастады

Жарияланды (жаңартылды )

Панфилов ауданында

Алматы облысы Панфилов ауданында 4,6 млрд.теңгеге 19 нысанды, оның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 3 млрд. теңгеге 5 жобаны іске асыру көзделген. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мысалы, Жібек жолын дамыту жөніндегі халықаралық компания жылына қуаты 450мың бірлік аяқ киім мен киім шығаратын зауыт құрылысын бастады. «КАЗ-АКВА» кәсіпорны қуаты 300 тонна балық өнімдерін және «Арыстан и Ко» қуаты тәулігіне 25 тонна жүгері дәнін кептіретін өндірісті дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың  Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданы жүгері өндірісі бойынша – облыста бірінші орында, жүгері егістігі 26,7 мың гектарды немесе облыстағы егіс алаңының 28 пайызын құрап отыр. Жаркент крахмал-сірне зауыты тәулігіне 300 тоннаға дейін жүгері дәнін терең өңдеудейді, өнімнің 27 түрін шығарады. Бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл ретте облыс әкімі өз орынбасары Ж.Тұяқов пен кәсіпкерлік  және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысына аудан әкімімен бірлесіп, зауыттың қуатын арттыру шараларын қабылдап, «Даму» қоры арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мәселесін шешуді тапсырды.

«Ауданның тағы бір әлеуеті – бағбандық. Мұндағы бақтар алаңы 2,5 мың гектарға жетті, оның ішінде соңғы 5 жылда 223 гектарға бақ отырғызылды. «Жаркент Фрукт» ірі бағбандық шаруашылығының 1004 гектар қарқынды бағы бар. Бірақ ауданда өңдеу кәсіпорындары жоқ. Сондықтан аудан әкімі өндірістер ашу үшін инвесторлар тар», – деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ оқыңыз