Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында ІЖӨ өсімі 3,5%-ды құрады

Жарияланды

Инвестиция көлемі 2,6%-ға өсті

Қаңтар-ақпан айларында ішкі жалпы өнімнің өсімі бір жыл бұрынғы 2,9%-бен салыстырғанда 3,5%-ды құрады, деп хабарлады 15 наурызда үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

2 айда сыртқы сауда айналымы $8,8 млрд құрады, оның ішінде экспорт $6,1 млрд. Инвестиция көлемі 2,6%-ға өсті.

Бұған дейін Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2021 жылы 4 пайызға өскені хабарланған болатын. Нақты сектор тұрақты экономикалық өсудің басты факторына айналды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,8 пайызға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз