Қазақстандық оқушылар үшін 19 наурыздан бастап  көктемгі каникулы басталады

Жарияланды

Демалыс 12 күнге созылады

Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады.

«Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуларына тілектеспін»,-деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз