Банк доллар бермей қойса, не істеу керек?
Доллар бағамы күн өткен сайын шарықтап келеді. Дәл қазір 1 АҚШ доллары 518 теңгеге теңесті. Айналадағы дүрмекке қосылып, бірі бар ақшасын долларға ауыстырғысы келсе, енді бірі долларлық есепшоттан қолма-қол шығарып алуға жанталасып жатыр. Дегенмен осы орайда көпшілігі банктерден доллар ала алмағанын айтып, мұның қаншалықты қисынды әрі заңға сай екенін түсінгісі келеді. Ендеше, долларлық депозиттен ақша шешуде нені білу керек, қандай да бір шектеу қойылуы заңды ма, алаңдауға негіз бар ма — осы туралы айтамыз.
@FINANCEkaz телеграм-арнасы осы тақырыпқа қатысты жақсы түсіндірме беріп кеткен екен. Назарыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Теңге курсының түсіп жатқаны мен Қазақстандағы екі ресейлік еншілес банктерге қатысты салынған санкциялардан кейін салымшылар алаңдай бастады. Бірі жинағанын басқа банкке ауыстырғысы келсе, бірі жай ғана ақшасын қолма-қол шығарып алғысы келді. Осы мәселені қарастырып көрелік.Долларлық депозитімнен ақша шешіп алғым келген. Бірақ маған шығара алмайтынымды әрі шешкен күннің өзінде тек теңгемен ала алатынымды айтты. Бұл қалай?
– Жоқ, банкте долларлық депозитіңізден ақшаны теңгемен шығарып алуға мәжбүрлей алмайды. Бірақ сұраныстың артуына байланысты банктерде қолма-қол қаражат жетіспеуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдың болуы ойға қонымды десек болады. 23 ақпанда осылай болуы мүмкін деген болжамды ешкім жасай алмас еді. Әрине, доллармен жинаған депозитіңіздегі ақшаны талап етуге толық құқылысыз. Дегенмен банкте доллар мүлдем болмаса, онда күтуге тура келеді. Болмаса, ортақ шешім тауып көріңіз.
– Банк ақша шешуге шектеу қойды. Мұнысы дұрыс па?
– Банк тарапынан шектеу қойылуы мүмкін. Оған құқығы бар. Бірақ шектеудің қаншалықты негізі бар-жоғын реттеуші тексеруі керек. Әрі шектеудегі себеп клиенттерді жазалау емес, барлық клиентке сұраныс артқан кезде ақша жеткізу үшін жасалған амал болуы керек. Қарапайым мысалмен түсіндіріп көрелік. Банк үнемі жасыл қанып тұратын қиылыс болсын делік. Ондай жағдайда бір көшеде ғана кептеліс туындай береді деген сөз. Ал ол болса, әділетсіздік болар еді. Сондықтан алғысы келгендердің бәріне аз-аздан болсын алуға мүмкіндік беру үшін осындай шектеу қоюдан өзге амал жоқ.
– Қазақстанда доллар таусыла ма?
– Бұл шындыққа жанаспайды. Ресейге салынған санкцияларға байланысты доллар мен еуроны қолма-қол кіргізуге тыйым салынды. Бірақ бұл санкция бізге қатысты емес. Бүгінде валютаның болмай жатқаны сұраныстың шамадан тыс артуына ғана байланысты.
– Бұл туралы Ұлттық банк неге үнсіз?
Өкінішке қарай, біздегі ақпараттарға сүйенсек, реттеуші банктерге төрағалар деңгейінде бұл мәселе туралы айтуға тыйым салған. Себебі «оларда бәрі дұрыс, уайымдауға еш себеп жоқ».–Өкінішке қарай, біздегі ақпараттарға сүйенсек, реттеуші банктерге төрағалар деңгейінде бұл мәселе туралы айтуға тыйым салған. Себебі «оларда бәрі дұрыс, уайымдауға еш себеп жоқ».
– Ал негізі алаңдауға себеп бар ма?
– Жоқ, алаңдаудың қажеті жоқ. Бар айтарымыз: доллар бәріне жетеді, депозиттеріңізге ештеңе болмайды. Ал егер доллар аса қажет болып, банкте болмай жатса — күте тұрғаныңыз жөн. Барлық жинақ депозиттерді кепілдендіру қорында сақтандырылған. Егер депозиттеріңіз жинақ сомасынан асып жатқанын уайымдасаңыз, бірнешеге бөліп қойғаныңыз жөн болады. Дәл қазіргі уақытта ағымдағы шотттарға да, депозиттерге де ештеңе болмайды. Тіпті санкция салынған банктердегі шоттарға қауіп төніп тұрған жоқ.