Максим Кабанов Jusan Invest Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Жарияланды

Бұған дейін бұл қызметті Нұрдәулет Айдосов атқарған еді

Jusan Invest AҚ Директорлар Кеңесінің кезекті жиынында Нұрдәулет Ғалымұлы Айдосов өз міндетін тоқтатты. Басқарманың жаңа төрағасы болып Максим Кабанов тағайындалды.

«Үш жылдың ішінде Jusan Invest нарықта сенімді көшбасшылық позицияны иеленді және бүгінде әртүрлі көрсеткіштер бойынша үздік брокерлердің бірі. Сонымен қатар бірнеше халықаралық ұйымдардың марапатын иеленген брокерге айналды. Jusan Invest командасымен бірлесе отырып, біз консервативті брокерді 100 мыңнан астам клиенттер сенім артқан жоғары технологиялық және динамикалық дамып келе жатқан заманауи инвестициялық компанияға айналдыру жолында орасан жұмыс атқардық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ұжымға атқарған жұмысы үшін, ал клиенттерге бізге артқан сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, мансапта жаңа қызықты міндеттер қойып отырған басшылыққа ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мен Максим Кабанов мырзаның инвестициялық бизнестегі мол тәжірибесі мен білімі Jusan Invest-тің одан да жақсырақ қызметтер мен инвестициялық өнімдерді ұсынуына зор үлес қосады деп ойлаймын», – деп пікір білдірді Jusan Bank Басқарма Төрағасы Нұрдәулет Айдосов.

Бұған дейін Максим Кабанов Jusan Invest басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, клиенттермен жұмыс бағытын қадағалаған. Ол Jusan Bank Басқарма Төрағасы қызметіне ауысқан Нұрдәулет Айдосовтың орнына келді.

«Мен басшылыққа сенімі үшін алғыс айтамын. Jusan Invest-ті алда көптеген жаңа жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін және біз командамен бірге қымбатты клиенттерімізге, соның ішінде ұлттық компаниялардың IPO-сына арналған қызметтер мен өнімдерді жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз. Jusan Invest құндылықтары өзгеріссіз қалғанын және көптеген марапаттарға қарамастан біз үшін ең маңыздысы – қымбатты клиенттеріміздің сенімі екенін атап өткім келеді», – деді Jusan Invest Басқарма Төрағасы Максим Кабанов

Анықтама:

Максим Кабановтың Қазақстан мен Ресейдің капитал нарығы, инвестиция және қаржы саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Мәскеу гуманитарлық университетін және Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін бітірген (2001ж).

Сондай-ақ оқыңыз