Жаңалықтар

Оңтүстік Корея Украинаға әскери көмек жібереді

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі Украинаға қару-жарақтан басқа әскери көмек жібереді

Оңтүстік Корея гуманитарлық көмектен бөлек, қару-жарақ жүйесін қоспағанда, Украинаға әскери материалдар жібереді. Бұл туралы РИА Новости республика қорғаныс министрлігінің өкілі Пу Сын Чханға сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта қандай көмек көрсетілетіні туралы шешім қабылданды. Енді жеткізу бойынша ұсыныстар жан-жақты талқылануда. Біздің үкімет Украинаға қару-жарақ жүйелерін емес, әскери материалдар беру туралы шешім қабылдады», – деп түсіндірді Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі.

Гуманитарлық көмекке дулыға, құрғақ азық-түлік, көрпе, аптечкалар, шатырлар кіреді – барлығы 20 зат бар. Гуманитарлық көмек құны 804 мың долларға бағаланып отыр.