Жаңалықтар

ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы қымбаттады

Мұнайдың құны барреліне 100 доллардан асты

Лондонның ICE биржасында 2022 жылдың мамыр айына жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы бір күн бұрын 7%-дан астам құлдырағаннан кейін бір баррель үшін 100 доллардан жоғары саудаланды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Мәскеу уақытымен сағат 04:10-дағы жағдай бойынша, Brent фьючерстері барреліне $100,77 (+0,86%) деңгейінде саудаланды. Сағат 04:17-де Brent маркалы мұнай өсімін жылдамдатып, баррелі100,9 доллардан (+0,99%) сатылды. Сейсенбіде ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың 2022 жылдың мамыр айына жеткізілетін фьючерстік келісімшартының бағасы 7%-дан астам арзандап, баррелі 99 доллардан төмен сатылған.