Жаңалықтар

Тоқаев: Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын

Президент аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозғандығын айтты

Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды. Бұл туралы ол 16 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім»,-деді Президент.