2018 жылдан бері баспана кезегінде тұрғандардың саны 130 мыңға жетіп, бұл күнде 591 мыңнан асып кеткен. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz Telegram каналы хабарлады.
Шымкентте 4 жылдың ішінде үй кезегінде тұрғандар саны 14 мыңға көбейіп, жалпы кезектегілер 50 мыңға таяп қалған.
Алматы облысында кейінгі төрт жылда бұл өңірде кезекте тұрғандар 17 мыңға көбейіп, 59 мыңға жеткен. Халқы ең көп Түркістан облысында 19 мыңға артып, 47,5 мыңға жеткен.
Кезекте тұрған 590 мың адамның 170 мыңы күнкөріс минимумынан аз ақша алып отыр. Аталмыш санаттағы адамдардың көбі І және ІІ топтың мүгедегі немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғандар, жетім балалар.