Көрменің мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл балалар жылы» деп жариялағаны баршамызға аян. Осы орайда білім мен ғылымға құмар жастарымызды қолдау мақсатында «Білім жəне денсаулық-2022» көрмесі өтіп жатыр.
Көрмеге «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ қарасты мектеп-лицей оқушыларының ғылыми жобалары ұсынылды. Көрмеде лицейдің 100-ден аса оқушысы математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі пәндері бойынша ғылыми-практикалық тәжірибелер көрсетіп, танымдық ойындар мен қызықты оқу жаттығуларын өткізеді. Сондай-ақ, қатысушыларға салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды ақпараттар беріледі.
Көрменің мақсаты – зияткерлік ойындар мен түрлі ғылыми жаңалықтар, тәжірибелік жұмыстар арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру және оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, оқушылардың алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру арқылы креативтілікті дамыту, ғылыми-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Көрмеге 5000-ға жуық оқушы қатыса алады.
Жас өнертпақыштардың тың туындылары болашақта үлкен ғылыми жаңалықтардың ашылуына мұрындық болары сөзссіз.
Өтетін орыны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қазмедиа орталығы
Күні: 16-17 наурыз
Сағат: 10.00-17.00