Жаңалықтар

Қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады

Келесі жұмыс аптасы қысқа болады

2022 жылы қазақстандықтар Наурыз мерекесінде 21,22,23 наурызда демалады.

Egov сайтында жарияланған мерекелер күнтізбесіне сәйкес, бес күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6-8, 12-13, 19-23, 26-27 наурыз күндері болады. Алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 6, 8, 13, 20-23, 27 наурызда демалады.

Келесі аптада тек екі жұмыс күні болады: бейсенбі (24 наурыз) және жұма (25 наурыз).

Наурыз – жаңару символы. Бұл мерекеде Қазақстан қалаларында түрлі іс-шаралар өткізіледі: концерттер, спорттық жарыстар, ұлттық тағамдарды әзірлеу.

2009 жылдан бастап 21-23 наурыз аралығында үш күн тойланады.