Алматыда құны 5 миллион теңгеге жуық ыдыс-аяқ ұрлаған күдікті ұсталды

Жарияланды

Тәртіпсіздік кезінде ер адам ыдыс-аяқ сататын бутикке заңсыз кіріп кеткен

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ыдыс-аяқтар дүкенін тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Бүлікшіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері табалар, шәйнектер, пісірме табақтар, пышақтар және басқа да ас үй ыдыстарын тәркіледі.

«Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде төтенше жағдайды пайдалана отырып, А. есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқтар бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны бес миллион теңгеге жуық ас үй ыдыстарын алып кеткен. 32 жастағы ұсталған азамат қылмысын мойындады. Оның беті бірден бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде тонау куәгерлерінің смартфондарына түсіп қалған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3 бөлігінің 3 тармағымен (Ұрлық) сараланады», – деп түсіндірді Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Қылмыскер ұрланған заттарды сата алмады. Жедел уәкілдер ұрланған ас үй ыдыстарын тәркілеп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркеген. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сондай-ақ оқыңыз