Үй кезегінде тұрған аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылар, жетімдерге берілді
Түркістан облысы, Арыс қпласында Әз-Наурыз мерекесіне орай «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 240 пәтер пайдалануға берілді. Бұл үйлер сатып алу құқығынсыз үй кезегінде тұрған аз қамтылған немесе көпбалалы отбасылар, жетім және халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы басқа да азаматтарға берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету — күн тәртібіндегі мәселе ретінде менің әркез назарымда. Әз-Наурыз мерекесіне орай беріліп отырған баспана иелеріне жаңа қоныс құтты әрі жайлы болсын, іші балалардың күміс күлкісіне толсын деп тілейміз. Әз-Наурыз әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ, отбастарыңызға амандық әкелсін», – деді шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы.
Қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін кезекте 2 200-ден астам адам тұр.