Әділет министрі Назарбаевтың немере інісін тұтқындаудың заңдық негізін түсіндірді
Әділет министрі Қанат Мусин Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының тұтқындалуы қаншалықты заңды екенін түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Мәжіліс кулуарында журналистер әділет министрінен тұңғыш президенттің отбасынан кімдерді қылмыстық жауапқа тартуға болатынын сұраған.
Қанат Мусин заңның күші (тұңғыш президент жайлы – Sputnik) Назарбаевтың немере інілеріне емес, отбасы мүшелеріне ғана таралатынын еске салды.
Дариға Назарбаева немесе Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қамауға алынуы мүмкін бе деген сұраққа министр «жоқ» деп жауап берді.
«Жоқ, бұл тұлғаларды ұстауға және қамауға алуға болмайды. Заң бұған тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қойып, жауап алуға тыйым жоқ» деді Мусин.
Егер тергеу органдары Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне немесе қызы Дариға Назарбаеваға сұрақ қоятын болса, олар оны қамауға алмайды және ұстамайды.
Айта кетейік, 3 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталғанын хабарлады. Оған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқырды деген айып тағылған.
Қайрат Сатыбалды Алматы әуежайында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болған.
Үш күннен кейін рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу фактісі