Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы болып сайланды
Жарияланды
Ол партияға он күн бұрын қосылды
Қазақстан Халық партиясының XIX кезектен тыс съезінде партия басшылығының құрамы өзгерді. Ермұхамет Ертісбаев ҚХП төрағасы болып сайланды. ҚХП парламенттік фракциясының бұрынғы басшысы, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров төрағаның бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы партияның сайты хабарлады.
Өз кезегінде Ермұхамет Ертісбаев партия мүшелеріне сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, сенімді толық ақтау үшін күш-қуатын, білімін және саяси тәжірибесін жұмсауға уәде берді.
«Қазақстан Халық партиясы – солшыл-орталық партия. Мен үшін бұл – өте маңызды. Мен өмір бойы социалист болдым», – деді ол.