Мәншүк Мәметованың есімі Орал әуежайына берілді

Жарияланды

Биыл БҚО-да Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі Орал халықаралық әуежайына берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО тілдерді дамыту басқармасы мәлім еткеніндей, әуежайға М.Мәметованың есімін беру туралы ҚР Үкіметінің 18 наурыздағы қаулысы шықты.

 Қаулы шыққан күннен бастап күшіне енді.

Биыл Батыс Қазақстан облысында Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз