Chewy, BioNTech пен Micron Technology тоқсандық есебін жариялайды

Жарияланды
Компаниялар кірісі жайлы ақпарат береді

Осы аптада  Chewy, Lululemon Athletica, Micron Technology, BioNTech және Walgreens Boots Alliance сынды компаниялар табысы жайлы есебін ұсынады. Инвесторлар мен экономистер үшін басты оқиға – статистика бюросының АҚШ-тағы жұмыспен қамту туралы жұма күні жариялайтын мәлеметі болмақ, деп хабарлайды Barron’s.

Дүйсенбі, 28 наурызда америкалық тәуелсіз инвестициялық компания Jefferies Financial Group 2022 қаржы жылының І тоқсан нәтижесін жариялайды. Сонымен қатар, Даллас Федералды резерв банкі Техастың өндірістік саласын дамыту болашағына шолу жасайды.

Сейсенбі, 29 наурызда Chewy жануарларына арналған азық-түлік дүкені, спорттық киім сататын Lululemon Athletica, тұздық пен дәмдеуіш өндіруші McCormick, жартылай өткізгіш өнімдерімен танымал Micron Technology компаниясы және киім шығаратын PVH компаниялары да өз кірісі туралы мәлімет жариялайды.

Autodesk бағдарламалық жасақтамасының провайдері мен SolarEdge Technologies қуат оңтайландырғыштарын жеткізуші өз инвесторларымен кездеседі.

Еңбек статистикасы бюросы бос жұмыс орындары мен жұмыс күші туралы шолумен бөліседі. Ақпан айының соңғы жұмыс күнінде 11,3 миллион бос жұмыс орны ашылды деген болжам жасалған, бұл қаңтар айының көрсеткішіне сәйкес келеді.

S & P CoreLogic Case-Shiller тұрғын үй бағасы ұлттық индексінің қаңтар айындағы көрсеткішін жариялайды. Болжамға сәйкес, тұрғын үй бағасы жылдық есепте 18,8%-ға өскен.

Сәрсенбі, 30 наурызда неміс биотехнологиялық Biontech компаниясы және Paychex тоқсандық нәтижесін жариялайды.

Адами ресурсты басқаруға арналған бағдарламалық жасақтама жеткізетін ADP компаниясы наурыз айында елдегі жұмыспен қамту туралы есеп береді.

АҚШ-тың экономикалық талдау бюросы жалпы ішкі өнімнің төртінші тоқсандағы нақты өсімін жариялайды. Экономистер маусымдық ауытқуларды ескере отырып, ЖІӨ  7%-ға өсті деп болжайды.

Бейсенбі, 31 наурызда ең ірі дәріхана желісі Walgreens Boots Alliance өз кірісін талқылау үшін конференц-қоңырау шалады. Жеткізуді басқару институты Чикагодағы сатып алу менеджерлерінің индексін наурыз айында жариялайды.

Жұма, 1 сәуірде штаттың еңбек статистикасы бюросы наурыз айындағы жұмыспен қамту туралы есебін ұсынады. Экономистер ауылшаруашылық емес сектордағы жұмыс орындары 450 мыңға өседі деп болжайды. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі 3,8%-дан 3,7%-ға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз