Жеке деректерін пайдаланып, өскемендіктің атына несие ресімдеген
Шығын сомасы 90 000 теңгені құрады
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Өскемен қ. ПБ Солжағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына облыс орталығының 42 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға оның жеке деректерін пайдалана отырып, шағын несие ұйымында ақшалай несие ресімдеген. Шығын сомасы 90 000 теңгені құрады. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері қаскөйдің ізіне түсіп, оны анықтап, ұстаған. Полицияның қолына түскен 41 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматша кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 4 000 АЕК дейін айыппұл немесе 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.