Жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2,6 мың жұмыскердің алдында 564,9 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 129 кәсіпорнында 2,6 мың жұмыскердің алдында 564,9 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 58 нұсқама беріліп, 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 1071-ден астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 442 млн. теңге төленді.