Жаңалықтар

Бразилияда тұрғын үй ақысын биткоинмен төлеуге болады

Рио-де-Жанейрода қалалық мүлік салығын биткойндар арқылы төлеуге мүмкіндік берді

Бразилияның бір қаласында тұрғын үй ақысын биткоинмен төлеуге рұқсат етіледі. Азаматтар қалалық мүлік салығын криптовалюта арқылы төлей алады. Мұндай шешімді Рио-де-Жанейро билігі қабылдады, тиісті түзетулер 2023 жылы заңнамаға енгізіледі, делінген әкімшіліктің баспасөз хабарламасында. Бұл туралы lenta.ru сайты мәлімдеді.

Криптовалютаны бразилиялық реалға айырбастауға мамандандырылған компания айналысады. Бірақ қайсысы екені әлі нақтыланбаған. Осылайша, қалалық әкімдік цифрлық активтерді өз балансында ұстамайды. Қала әкімшілігінің өкілі Педро Паулоның айтуынша, болашақта такси сияқты басқа да қызметтерді биткоинмен төлеуге болады. Рио Бразилиядағы криптовалюталық төлемдерді қабылдаған алғашқы қала болады.