Цифрлық гигиена дегеніміз не?
Кибер алаяқтардан қорғанудың қарапайым қағидалары
Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал. Бұл туралы fingramota.kz айтып берді.
Интернеттегі қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін мынадай цифрлық гигиена ережелерін сақтаңыз:
– Жеке басын куәландыратын құжаттың фотосуретін әлеуметтік желілерде жарияламаңыз және мессенджерлер арқылы, әсіресе бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Конфиденциалды деректерді жоғалту көп жағдайда оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына әкеледі;
– Карточканың толық деректемелерін, әсіресе артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-тегі кодты және өзге де дербес ақпаратты айтпаңыз;
– Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, белгісіз дереккөздерден лицензияланбаған қосымшаларды жүктемеңіз;
– Телефонға ресми емес дүкендердің қосымшаларын орнатпаңыз және конфиденциалдылық теңшеулерін мұқият қадағалаңыз;
– Күрделі комбинацияларды ойлап тауып, құпия сөздерді жиі өзгертіңіз және әрқашан антивирусты қолданыңыз. Сіздің гаджетіңізге алаяқтық шабуылдар жасалған жағдайда оларды сенімді бұғаттайтын антивирустық бағдарламаны жаңартуды ұмытпаңыз;
– Сыртқы USB-тасымалдағышқа маңызды файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз. Бұл опция теңшеулер конфигурациясын, барлық қосымшалар мен жеке ақпаратты сақтау үшін жасалған. Мұндай функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және гаджет жоғалған немесе бұзылған жағдайда оны жаңасына көшіруге көмектеседі.