Президент Қаржы министрін қызметінен босатты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындады. Ресми жарлық Ақорда сайтында жарияланған.
«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын» делінген жарлықта.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ында, Президенті Әкімшілігінде лауазымды қызмет атқарған. 2019 жылдан бері еліміздің Қаржы министрі болды.