БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада 1180 бейбіт тұрғын қаза тапты

Жарияланды

Тағы 1860 адам жарақат алды

Ресей-Украина соғысы басталғалы бері кем дегенде 1179 украиналық бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 1860 адам жарақат алды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БҰҰ БЖКБ) мәліметінше, 24 ақпан мен 28 наурыз аралығында 3 901 713 украиндық азаматтар Украинамен көршілес елдердің шекарасын кесіп өткен.

Сонымен бірге Польшаға украиндық босқындардың жартысынан астамы (2 314 623) келген. Одан кейін Румыния (602 461), Молдова (385 222), Венгрия (359 197) және Словакия (278 238) келеді.

18 ақпан мен 23 ақпан аралығында Ресейге Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан 113 мың адам өткені хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз