Оны «Amanat» партиясы ұсынған
Red Dragon фаст-фуд желісінің негізін қалаушы және иесі Константин Авершин Мәжіліс депутаты болды. Ол Палата отырысында ант қабылдады.
Депутатты «Amanat» партиясы ұсынған. Мәжілісте ол Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалуына байланысты қызметінен босатылған Мұхтар Ерманның орнына келеді.
Авершин Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына енді.
Бұған дейін Авершин алтыншы шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған. 1998-1999 жылдары «KEGOC» ААҚ коммерциялық бөлімінің маманы, 1999-2001 жылдары «Кедентранссервис» ЖАҚ коммерциялық бөлімінің бас менеджері, 2009-2011 жылдары «Европа авиациясының» аймақтық өкілі болды. 2013 жылдан бері «Red Dragon Almaty» ЖШС құрылтайшысы.