Ресей мен Қытай 500-ден астам бірлескен спорттық шараларды жоспарлады

Жарияланды

Бұл туралы Ресейдің спорт министрі Олег Матыцин мәлімдеді

Ынтымақтастықты нығайту аясында Ресей мен Қытай 500-ден астам бірлескен спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады сәрсенбіде «Известия» газетінде жарияланған сұхбатында Ресей спорт министрі Олег Матыцин.

«ҚХР-мен бірге биылғы жылдың желтоқсан айында қысқы жасөспірімдер ойындарын, келесі жылы Қытайда халықаралық жазғы ойындарды өткіземіз. Барлығы 500-ден астам бірлескен іс-шараны жоспарлап отырмыз», – деді Матыцин.

Ол Ресейдің «Қытаймен, Үндістанмен, Бразилиямен және Оңтүстік Африкамен берік әрі сенімді байланыс бар» деп атап өтті.

Оның айтуынша, «Ресей мен халықаралық спорттың арасына қабырға салу дұрыс емес», бірақ «қазіргі жағдайды ескере отырып, кем дегенде бір жыл әрекет етеміз».

Сондай-ақ оқыңыз