Өскеменде “банк қызметкері” тұрғынға несиесін жауып беруге уәде берген
Жарияланды
(жаңартылды )
Ол 80 мың теңге иемденген
Өскеменде «банк қызметкері» тұрғынға несиесін жауып беруге уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz cайты.
Өскемен қаласы Полиция басқармасының Солжағалау ПБ кезекші бөліміне 20 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Жәбірленуші бейтаныс жігіт өзін банктің штаттан тыс қызметкері деп таныстырып, оның несиелерін өтеуге көмек көрсете аламын деген сылтаумен 80 мың теңге сомасында ақша қаражатын иемденгенін айтты.
Алайда уақыт өте келе несиесі жабылмаған қыз, өзінің алаяққа тап болғанын түсінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны болып шықты, күдікті жауап алу кезінде кінәсін мойындады.