Брюс Уиллис сырқатына байланысты актерлік мансабын аяқтауды шешті

Жарияланды

Актерге афазия диагнозы қойылды

Фото:1news.az

67 жастағы актер Брюс Уиллиске афазия диагнозы қойылды. Бұл ауру сөйлеу қабілетінің бұзылуына алып келеді. Осыған байланысты ол актерлік мансабын тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлады Fox News.

«Брюстің денсаулығында белгілі бір проблемалар бар, оған жақында афазия диагнозы қойылды, бұл оның когнитивтік қабілеттеріне әсер етеді. Осыған байланысты ол өзі үшін маңызды болған мансабын тоқтатады»

Мәлімдемеге оның әйелі Эмма, бұрынғы әйелі Деми Мур және актердің бес қызы қол қойды.

Афазия – адамның сөйлеу, жазу және сөйлеуді ауызша және жазбаша түрде түсіну қабілетіне әсер ететін ауру.

Сондай-ақ оқыңыз