Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы 600 миллион долларлық жобаларды тоқтатты
Жарияланды
Банк бұл шешімді тәліптердің қыздардың білім алуына қатысты шектеулерінен кейін қабылдады
Банктің бұл әрекеті Талибан үкіметінің қыздардың орта мектептер мен лицейлерде білім алуына шектеу қою шешіміне жауап болды.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
«Банк Ауғанстандағы құны 600 миллион доллар болатын төрт жобаны тоқтатып отыр. Әңгіме білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығына қатысты жобалар туралы болып отыр», – делінген Дүниежүзілік банк хабарламасында.
Талибан үкіметінің Білім министрлігі 23 наурызда бастауыш мектеп қыздарға ашық болатынын хабарлады, бірақ орта білім беру жүйесі туралы шешім қабылданған жоқ.
Ведомство сондай-ақ «елдің мәдени және діни дәстүрлеріне сай келетін» мектеп формасын әзірлеу жоспарын жариялады.