Инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,6 трлн теңгені құрады
2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 580,07 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,2 млрд теңге. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
– ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 687,72 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,43%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
– ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 937,98 млрд теңге (6,91%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,2%.
– шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 757,46 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 5,58%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,4%.
– халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 396,29 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 2,92%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,0% болды.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:
– ұлттық валютадағы инвестициялар – 65,67%, АҚШ долларында – 34,27%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бері 534,17 млрд. теңгеге жетті.
2022 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 1,50% болғанда 4,00% құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,50% болды. 2022 жылдың басынан бері салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 1,50% болғанда 4,00% жетті. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 2,50% көрсетті.
Бұл ретте 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың ақпаны аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,70% болғанда 13,65% жетті. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,95% болды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
Қазақстандық басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 8,2 млрд теңге.
«Jýsan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,81 млрд теңгені құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдің 31,05%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары ( 29,77%), ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (22,54%) сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер – 15,41%, Репо – 1,23%. Портфельдің 54,89% теңгемен, 45,11% АҚШ долларында.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі сенімгерлік басқаруға берілген сәттен бастап 5,79% құрады