Қандай салымдар бойынша өтемақы алуға болады?

Жарияланды

2023 жылы салым сомасынан 10% біржолғы өтамақыны кім алады?

Мемлекет келесі жылы салым сомасының 10%-ы – банк төлейтін пайыздық мөлшерлемеден тыс біржолғы өтемақыны есептейді. Бұл туралы fingramota.kz сайты  Ұлттық Банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қандай салымдар бойынша өтемақы алуға болады?

Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы барлық танымал салымдарға қолданылады. Бұл:

жинақ салымдары;

мерзімді салымдар, сондай-ақ мерзімсіз – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктеуінде;

«Отбасы банктегі» салымдар, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің салымдары (AQYL депозиттері).

Өтемақы 2022 жылғы 23 ақпаннан кешіктірмей ашылған және қалдығы болған теңгелік салымдар бойынша төленетін болады (яғни, 2022 жылғы 24 ақпанда, Бірлескен мәлімдеме жарияланған күннің басында).

Өтемақы төлеудің міндетті шарты депозитті банкте келесі 12 айға, яғни 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау болып табылады. Егер салымшы салымды толтырып, ақшаны алмаса, онда сыйлықақы 2022 жылдың 23 ақпанындағы күннің соңындағы қалдық сомасына есептеледі.

Кім өтемақы ал а алады және бұл үшін өтініш беру керек пе?

Қазақстандық банктің әрбір салымшысы, жеке тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де мемлекеттен бір реттік сыйлықақы алуға, яғни салым сомасынан 10%-дық өтемақы алуға құқылы. 

Теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы өтініш беру сипатына ие, яғни салымшылар банкке өтінішті жазбаша түрде немесе онлайн қызмет көрсету арқылы беруі қажет. Алайда қорытынды шарттар, оның ішінде бағдарлама өтініштік сипатта бола ма, әлде өтемақы барлық салымшыларға әдепкі бойынша есептеледі ме, НҚА жобасы бекітілгеннен кейін белгілі болады.  Қазіргі уақытта банктер өтініштерді қабылдамайды!

Ақша қашан төленеді?

Бір жолғы сыйлықақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін есептеледі және төлем кезеңі туралы тиісті НҚА жарияланғаннан кейін белгілі болады.

Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, 10% өтемақы бюджет есебінен төленеді. Сыйлықақының ең жоғары сомасы 2 млн теңгені, яғни 20 млн теңгенің 10%-ын құрайды. 20 миллион теңгеден асатын ірі депозиттер үшін өтемақы мөлшері шектеулі. Бұл сіздің сомасы 20 миллион теңгеден асатын жарнаңыз бойынша тек 20 миллион теңгеге 10% сыйлықақы есептеледі деген сөз.

Бағдарлама бойынша қандай ерекшеліктер бар?

Теңге депозиттерін қорғау бағдарламасы төлем карточкаларында, сондай-ақ ағымдағы шоттарда сақталған ақшаға қолданылмайды. Төлем карточкаларымен және ағымдағы шоттармен қатар жинақтау және көбейту үшін емес, есеп айырысуға арналған банктік депозиттердің кейбір түрлері есепке алынбайды. Бұл негізінен сыйақыны көздемейтін немесе ең төменгі пайыздық мөлшерлемені көздейтін депозиттер, атап айтқанда:

шартты депозиттер;

талап етуге дейінгі депозиттер (әдетте, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1%-дан аспайтын мерзімсіз депозиттер).

Егер толықтырулар және мерзімінен бұрын ішінара шешулер болса, өтемақы мөлшері қалай есептеледі?

Салымшы депозиттен ақшаны ішінара шешкен болса, онда өтемақы 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпандағы күннің соңына дейінгі кезең үшін барлық шешіп алулар мен толықтыруларды ескере отырып, депозиттегі ақша қалдығының ең аз сомасының 10%-ын құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз