Айлардың сұлтаны, мұсылман қауымның сүйікті отыз күні — Рамазан келді. Осы орайда оқырмандарымызға Алматы қаласындағы мейрамханалардың ішінде арнайы мәзір ұсынатындарына тоқталуды жөн көрдік. Кейінгі екі жылда пандемияға байланысты біраз жер жабық болып, көпшілігіміз сырттан ауыз ашуды «ұмытыңқырап» қалған болармыз. Ендеше, осы айда ифтар-меню жасап, қонақтарын күтетін жерлерді назарыңызға ұсынамыз.
Ziyafet стейк-хаус
Ауызашар мәзірі: 11000 теңге
Мекенжайы: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 172
Жұмыс уақыты: 10:30—00:00
Байланыс нөмірі: +7 (777) 404 33 33
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/ziyafetsteakhouse/
Мейрамхананың негізгі тамағы апта күндеріне байланысты ауысып тұрады. Атап айтқанда, дүйсенбіде — қой еті мен гарнирге күріш, сейсенбіде — стейк Rib eye, сәрсенбіде — asado, бейсенбіде —оссобуко, жұмада — тандырда піскен қой еті, сенбіде қой етінен лукум, жексенбіде kasap котлет. Ал тіскебасарға хайдари, хумус, муамара таңдауға болады. Ифтар тәрелкесінің ішінде құрма, кептірілген өрік, грек жаңғақтары, ақ ірімшік, моцарелла, бал, сары май, жасыл және қара зәйтүн, сиыр етінен бастурма, қызанақ, қияр бар. Сорпадан жасымық және классикалық кремді жасымық сорпасы мәзірде. Салаттарға келсе, Шопан салаты және көкөніс салаты. Десертке пахлава немесе жеміс-жидек салаты.
«Шах» мейрамханасы
Ауызашар мәзірі: 3490-5990 теңге
Мекенжайы: Алматы қаласы, Гагарин көшесі, 292; Сәтбаев көшесі, 5; Ханшатыр көшесі, 287/1; Бақшалы көшесі, 7/29
Жұмыс уақыты: 11:00 – 00:00
Байланыс нөмірі: +7 (775) 007‒15‒25
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/shakh_restaurant/
Ресторанға барып қана емес, ифтар-менюді үйге де алдыра аласыз. Екеуінің де бағасы мен мәзірге кіретін тағамдарын атап өтейік. Алдымен мейрамхана қонақтарына арналғанынан бастайық. Үш сет бар. Біріншісінде: ачик-чук салаты, фрикаделькалар қосылған сорпа, өзбек палауы, брынза қосылған 2 самса, 2 жент, құрма, бидай көже және су. Соңғы үшеуі — мейрамхана тарапынан берілетін сыйлық. Барлық сеттің ішінде құрма, бидай көже мен су бар. Екінші сеттің құрамы мынадай: грек салаты, шығыс нарыны, Рахат лукум тауық етінен әзірленген тамақ және жанына гарнирге күріш, чак-чак. Үшінші сетте бары: Шах эко фуд қызанақтарынан салат, Шах сорпасы, лағман, тауық етінен 2 самса, сүзбе қосылған тарталетка. Бәрінің құны 5990 теңгеге шығады. Ал енді үйге алдырғысы келетіндерге сеттің екі түрін ұсынады екен. Бағасы — 3490 теңге. Бірінші сеттің мәзірі: сәбіз салаты. Шах сорпасы, ет қосылған 5 манты, тауық етінен 1 самса, сүзбе қосылған 1 тарталетка. Сыйлыққа құрма, бидай көже және бір рет қолдануға арналған пластик ыдыстар беріледі. Екінші сеттің ішінде ачик-чук салаты, тауық сорпасы, өзбек палауы, брынза қосылған 1 самса, 1 кекс бар.
Tarih мейрамханасы
Ауызашар мәзірі: 8800 теңге
Мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 104
Жұмыс уақыты: 10:00 – 00:00
Байланыс нөмірі: +7‒778‒146‒55‒66
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/tarih.restaurant/
Таңдауға үш сет беріледі. Біріншісі: қызылша мен тілден жасалған салат,
қазы, жая, құрт қосылған нарын сорпасы, қыш ыдыста пісірілген қуырдақ, алма қосылған шарлотка, құрма, су, бауырсақ, шие қосылған қымыз. Екінші сет: көкөніс пен ысталған жылқы етінен салат, манпар сорпасы, голландиялық соус қосылған көксерке, алма қосылған шарлотка, құрма, су, бауырсақ, шие қосылған қымыз. Үшінші сеттің мәзірі: көкөніс пен ірімшіктен салат, ысталған жылқы етінен жасымық сорпасы, булгур қосылған жылқының жақ еті, алма қосылған шарлотка, құрма, су, бауырсақ, шие қосылған қымыз.
Abay мейрамханасы
Ауызашар мәзірі: 8990 теңге
Мекенжайы: Алматы қаласы, Омаров көшесі, 41/2
Жұмыс уақыты: 11:00–00:00
Байланыс нөмірі: +7 (700) 202‒02‒06
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/abay_koktobe/
Мейрамхана әр күннің мәзірін әртүрлі ұсынады екен. Яғни баратын кезде бірінші инстаграм желісіндегі парақшасын шолып шыққан жөн. Мысалы жексенбі күнгі ауызашар менюі мынадай болды: бауырсақ, ет қосылған кішкентай самса, шопан салаты, балық сорпасы, көкөніс қосылған сиыр еті, чак-чак және шай. Құны — 8990 теңге.
Mura мейрамханасы
Ауызашар мәзірі: 2000 теңгеден жоғары
Мекенжайы: Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 13
Жұмыс уақыты: 11:00–00:00
Байланыс нөмірі: +7 777 813 00 00
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/mura.restaurant.kz/
Мейрамхананың желідегі парақшасында ифтар меню ретінде ұсынылған мәзірді бөлсейік. Мұнда бекітілген баға жоқ екен. Мысалы тұшпара — 700 теңге, сорпа — 700 теңге, 5 дана манты — 1050 теңге, тай қуырдағы — 1200 теңге, шаян салаты — 730 теңге, балғын көкөністерден салат — 730 теңге. Одан бөлек, қосымша гарнирге күріш алсаңыз, 400 теңге, нан — 130 теңге, бір шыныаяқ шай — 200 теңге, шырын — 380 теңге. Осылардың ішінен өзіңізге ұнағанын алып, мәзір құрай аласыз.
Rumi мейрамханасы
Ауызашар мәзірі: 3500 теңге шамасында
Мекенжайы: Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 127/1, әл-Фараби даңғылы, 7, Абылайхан көшесі 92а
Жұмыс уақыты: 10:00–23:30
Байланыс нөмірі: +7 (771) 110 86 86, +7 (771) 010 99 98, +7 (777) 025 61 90,
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/rumi.kazakhstan/
Бұл жердің парақшасынан мәзір таппадық. Дегенмен ауызашарға тапсырыс қабылдайтынын, орын брондау үшін 17:00-ге дейін хабарласу керегін айтып, жазба жариялаған. Жалпы алғанда мейрамхана мәзірінде палаудың бірнеше түрі, жеңіл сорпалар, салаттар, ташкент шайы, түрлі пісірме мен десерттер бар. Айтпақшы, осы мейрамхананың алатын еті ҚМДБ-ның халал сертификатына ие.
Sansara ресто-бары
Ауызашар мәзірі: 5500 теңге
Мекенжайы: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 85
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-бейсенбі аралығы — 11:00–02:00, жұма-жексенбі аралығы — 12:00—04:00
Байланыс нөмірі: +7 (747) 727 20 60
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/sansaralounge.almaty/
Үш түрлі сет бар. Алғашқысында: оливье салаты, көкөніс қосылған тауық еті, тұшпара, нан, сусындарға каркаде, шай, компоттың бірін таңдап аласыз, кептірілген жемістер, яғни грек жаңғағы, құрма, мейіз. Екінші сеттің ішінде фунчеза салаты, сиыр еті мен бауырдан жасалған қуырдақ, тауық етінен жасалған фрикаделькалардан сорпа, нан, сусын, кептірілген жемістер бар. Үшінші сет: ачик-чук салаты, өзбек палауы, борщ, нан, су, кептірілген жемістер.
«Сандық» мейрамханасы
Ауызашар мәзірі: 7950-8950 теңге
Мекенжайы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 55.
Жұмыс уақыты: 11:00 – 00:00
Байланыс нөмірі: +7 747 122 11 22, +7 707 110 67 97
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/sandyq_restaurant/
Мейрамхана ауызашар мәзірінің үш түрін ұсынады. 7950 теңгелік екі сет бар. Бірінші сетте қой етінен турама сорпа, сиырдың жеңсік етінен қуырдақ, мыжыма нанымен балғын басытқы, жидек қосылған тәтті, қолдың сары майымен таба нан және шалап бар. Екіншісінде: жарма көже, нан салма, қуырылған көкөніс пен жаңғақтан жасалған басытқы, қуырылған бидай мен жидектен жасалған езбе, қолдың сары майымен таба нан және шалап. Екінші сеттің бағасы — 8950 теңге. Бұл сетке салма көже, жылқы етінен қазанжаппа, асқабақ пен ешкі сүтінен жасалған ірімшік қосылған басытқы, балқаймақ, қолдың сары майымен таба нан және шалап кіреді. Алдын-ала орын брондап қоймаса, сол күні орын табу қиын болуы мүмкін. Сондықтан күнін жоспарлап, ертерек қамдануға кеңес береміз.