Ол не үшін қажет?
Мобильді банкинг – банктік қызметтерді смартфон арқылы басқарудың ыңғайлы сервисі .
Коммуналдық қызметтер мен басқа да қызметтерге ақы төлеу үшін банк бөлімшесіне барудың, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Адамдармен қарым-қатынасқа түсуді барынша азайтып, қолжетімділікті кеңету. Бұл туралы fingramota.kz сайты жазды.
Мобильді банкингтің көмегімен шоттарыңызды қадағалауға болады. Сізге ақша қаражатының қозғалысы туралы барлық ақпарат қолжетімді: ақша қашан түсті, қашан алынды, қандай мөлшерде, қандай комиссия ұсталды.
Ол не үшін қажет? Алаяқтардың ақшаңызды ұрлауына жол бермеу үшін! Карта бойынша барлық операцияларды қадағалай отырып, Сіз күдікті әрекеттерді байқай аласыз және мұндайда дереу банкке хабарласыңыз. Бүгінде банктер телефонның интернетке тұрақты түрде қолжетімділігі болатын жағдайда, SMS-хабарларын немесе push-хабарламаларын ұсынады.
Мобильдік немесе онлайн-банкинг арқылы қызметтер мен тауарларға ақы төлеу өте ыңғайлы: коммуналдық қызметтер мен мобильдік байланыстан бастап сақтандыру полисін сатып алуға дейін. Мысалы, сіз балабақша, ипотека және тағы басқалар үшін жылдам төлем жасай аласыз. Ыңғайлылық пен уақытты үнемдеу үшін Сіз автоматты түрде төлем жасай аласыз, ал қажетті сома Сіз көрсеткен мерзімде үнемі есептен шығарылып отырады.
Мобильдік және онлайн-банкингте ақша аудару функциясы да бар. Осындай қызмет болатын болса, оның көмегімен Сіз өз шоттарыңыз арасында картадан шотқа және шоттан басқа картаға, оның ішінде шетелдік картаға ақша аудара аласыз және электрондық әмияндарды да толтыруға болады.
Онлайн режимінде тіпті банктердің бөлімшесіне баруға бронь жасауға болады. Бұл өте ыңғайлы, кезекке тұру қажет емес, бағалы уақытты жоғалтпауға болады. Кейбір банктер банктік карталарды еліміздің кез келген нүктесіне жеткізіп беруді ұсынады. Өзіңізге барынша ыңғайлы түрін таңдау үшін банк ережелерімен, оның мүмкіндіктері мен тарифтерімен танысып шығыңыз.
Мобильдік және онлайн-банкингтің ыңғайлы функцияларының бірі ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды тексеру және басқа да берешек туралы ақпарат алу болып табылады. Айыппұлдар болатын жағдайда өзіңіздің ЖСН енгізу жеткілікті, оларды онлайн режимінде төлеуге болады.