Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

Жарияланды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

ШҚО-да Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде 18 вагон рельстен шығып кетті.  Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды»,- деп жазылған компания хабарламасында.

Руда тиелген екі вагон Ресейдің меншігі екені атап өтілді. 16 вагон «ҚазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз