Алаяқтар дауыс роботтары арқылы қалай шабуыл жасайды

Жарияланды

Алаяқтар дауысыңызбен берген деректеріңізді қалай пайдалана алады?

Алаяқтар дауыс роботтары арқылы қалай шабуыл жасайды. Бұл туралы Fingramota.kz айтып береді.

Алаяқтар дауысыңызбен берген деректеріңізді қалай пайдалана алады?

Алаяқтар өз құрбандары дауысының аудиожазбасын қолдана отырып, кредиттік ұйымда түрлі қаржылық операцияларды орындай алатынына, мысалы, кредит ала алатынына сенеді. Алайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарында биометриялық сәйкестендіру сияқты жеке басын растау рәсімінің құрауышынан басқа тексерудің қосымша деңгейлері бар. Сізге бірден кредит беру үшін тек «иә» дей салу жеткіліксіз. Алайда, сіз роботқа маңызды дербес ақпаратты хабарлап үлгерген болсаңыз, онда сіздің банктік шотыңыздың қаражатсыз қалуы мен атыңызға ресімделген кредиттердің өз атыңызда қалу тәуекелі еселеп артады.

Алаяқтар сіздің «даусыңыздың көшірмесімен» тағы не істей алады? Үшінші тұлғаларға сатады немесе бопсалау мақсатында пайдаланады, мысалы, сіздің беделіңізді түсіретін жазба құрастырып, содан кейін ол үшін ақша төлеуіңізді талап етеді.

Не істеу керек? 

Дауыстық роботты (спамерді) тану қиын емес. Оған сенбей, сөйлесуді тоқтатып, нөмірді бұғаттаңыз.

Егер сіз ботпен «сөйлесуді» жалғастырамын деп шешсеңіз, онда сөздеріңізге мұқият болып, мысалы «Иә» орнына «Алло» сөзін айтыңыз. Сондай-ақ: «Солай шығар», «Аха», «Мхм» және т.б. көп мағыналы сөздерді қолдануға болады, бұл алаяқтық автоматтандыру алгоритмін бұзады.

Алаяқтар осы әлемдегі кез-келген нөмірді ауыстыруға мүмкіндік беретін арнайы сервистерді пайдаланады. Бұл ретте алаяқтар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін. Сондықтан сізге қазір ғана айтылған ақпараттың шындыққа сәйкес келетініне көз жеткізу мақсатында сөйлесуді аяқтап, сізге қызмет көрсететін банктің немесе атын бүркеніп спамерлер қоңырау шалған ұйымның жедел желі нөмірін өз бетіңізбен теруді ұсынамыз.

Есіңізде болсын, банктер және басқа ұйымдар, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері Сіздің картаңыздың деректерін және басқа да құпия ақпаратты нақтылау үшін сізге ешқашан қоңырау шалмайды. Ешқандай қауіпсіз шот жоқ! Бұл алаяқтар ойлап тапқан аңыз.

Ата-анаңызға, ата-әжеңізге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуге арналған картасы бар балаларға ешкімге, әсіресе телефон арқылы картаның деректерін, оның ішінде арғы жағындағы кодты, интернет-банкингтің паролін, SMS-кодты хабарламасын және қоңырау шалушылардың нұсқаулары бойынша күмәнді қосымшаларды жүктемесін деп ескертіп қойыңыз.

Егер сіз өзіңіздің деректеріңізді алаяқтарға хабарлаған болсаңыз, не істеу керек?

Өкінішке қарай, жиі маңызды ақпаратты қылмыскерлердің қолына беретін адамдардың өздері, себебі олар қырағылық танытпайды әрі түрлі жағдайларға байланысты ұтымды ойлау және бәрін талдау қабілетін жоғалтады.

Егер сіз байқаусызда өз дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға жіберіп алсаңыз, дереу банкке хабарласып, болған оқиға туралы айтыңыз және өз шоттарыңыз бен барлық операцияларыңызды бұғаттауды сұраңыз. Міндетті түрде құқық қорғау органдарына өтініш жазып, тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген өтініш көшірмесін өзіңізге сақтап алыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз