Австралия Ресейге сәнді тауарларды экспорттауға тыйым салды

Жарияланды

Тыйым 7 сәуірде күшіне енеді

Австралия Украинадағы жағдайға байланысты бірқатар сәнді тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салды. Бұл шара зергерлік бұйымдарға, алтынға, шараптарға, көліктерге, аң терісіне және басқа да тауарларға әсер етеді. Бұл туралы РИА Новости елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Австралия Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде Ресейге қосымша санкциялар салады. Австралия кейбір сәнді тауарларды тікелей немесе жанама түрде Ресейдің пайдалануы немесе пайдасы үшін жеткізуге, сатуға, тасымалдауға тыйым салады», – деді Австралия сыртқы істер министрлігі.

Санкциялар тізіміне сонымен қатар темекі өнімдері, парфюмерия, былғары, аксессуарлар мен киім-кешек, кейбір электроника, музыкалық аспаптар, өнер, уылдырық, шаян тәрізділер, трюфельдер және т.б.

Тыйым 7 сәуірде күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз