Бішкекте сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды

Жарияланды

Полиция сараптама тағайындады

Бішкекте жеті жасар бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды. Бұл туралы 24.kg сайты елорданың Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Анықталғандай, 2 сәуірде полицияға қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат түскен.

« Баланың Ұлттық ауруханада жергілікті анестезиямен сүндетке отырғызылғаны белгілі болды. Операциядан кейін ол үшінші балалар ауруханасының хирургия бөліміне «Платтер синдромы, жарақатынан қан кету» диагнозымен түсті. Сол жерде ол есін жимай қайтыс болды. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», – деді полиция.

Сондай-ақ оқыңыз