2022 жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалардың атына ашылған брокерлік шот саны 313 388 жетіп. 44%-ға артты. Наурыз айында жеке инвесторлар базасындағы шо саны 22 мыңға көбейді, деп хабарлайды Бағалы қағаздар орталық депозитарийі.
Жеке инвесторлар келбеті жасарып келеді. Қазіргі кезде жеке брокерлік шот иелерінің жартысына жуығы – 35 жасқа дейінгі жастар. Жыл басынан бері 18-24 жастағы жеке инвесторлар саны 2,5 есеге өсіп, 59 мың адамды құраған. Кәмелетке толмаған азаматтардың атына ашылған қосалқы шотт үлесі бұрынғысынша 0,1% аспайды.
«Инвесторлар базасының жасаруына нарыққа кірудегі кедергілердің азаюы, брокерлік шот ашу процесінің жеңілдеуі және жаңа цифрлық брокерлік қосымшалардың пайда болуы ықпал етті» дейді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
Сонымен қатар, жеке инвесторлардың басым бөлігін 35-54 жас аралығындағы топ (35,2%) құрайды, одан кейін 25-34 жас аралығындағы топ (29,2%) келеді. Аға буын төртінші орынды иеленген. Бұл ретте 55 жастан асқан инвесторлар үлесі басқа топтың қарқынды өсуіне байланысты, наурыз айында қаңтардағы 21,2%-тен 16,6%-ке дейін қысқарды.
Өңірлерге келер болсақ, қосалқы шоттардың басым бөлігі Алматы (22,8%) және Нұр-Сұлтанда (9,4%) тіркелген. Үшінші орынды Түркістан облысы – 9,1%. Облыс көрсеткіші 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда, екі есеге артқан. Қостанай облысы (3%), Ақмола облысын(2,2%) және Солтүстік Қазақстан облысында (1,4%) брокерлік шот ашқандардың қатары аз.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Орталық депозитарий есепке алу жүйесінде шамамен 315 мың қосалқы шот ашылған, оның 90%-ын Қазақстанның бес брокерінде ашылған.