Қаланың Түрксіб ауданында өтеді деп жоспарланған болатын
Алматының Түрксіб ауданында таңғы сағат алтыдан бері жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар жүріп жатыр. Бұл туралы қалалық терроризммен күрес штабынан хабарлады.
Жаттығулар Спасская көшесі, 67 мекенжайында таңғы 6-дан түске дейін өтеді. Бұл ауданда шектеулер бар. Азаматтарды түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және шараға қатысатын мемлекеттік қызметкерлердің талаптарын орындауды сұрайды.
Штабтағылар оқу-жаттығулар «террорлық актінің жолын кесу механизмін жетілдіруге, адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған» деп қосты.