Жаңалықтар

Ауызашар-2022: Нұр-Сұлтанда қай жерде ифтар-меню бар?

Астанада мәзірге не кіреді, бағасы қанша?

Айлардың сұлтаны, мұсылман қауымның сүйікті отыз күні — Рамазан келді. Осы орайда оқырмандарымызға бас қаладағы мейрамханалардың ішінде арнайы мәзір ұсынатындарына тоқталуды жөн көрдік. Кейінгі екі жылда пандемияға байланысты біраз жер жабық болып, көпшілігіміз сырттан ауыз ашуды «ұмытыңқырап» қалған болармыз. Ендеше, осы айда ифтар-меню жасап, қонақтарын күтетін жерлерді назарыңызға ұсынамыз.

Rumi мейрамханасы

Ауызашар мәзірі: 3500 теңге шамасында
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 2т, Қабанбай батыр даңғылы, 62
Жұмыс уақыты: 10:00–23:30
Байланыс нөмірі: +7 (771) 110 67 67, +7 (771) 110 61 61
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/rumi.kazakhstan/

Бұл жердің парақшасынан мәзір таппадық. Дегенмен ауызашарға тапсырыс қабылдайтынын, орын брондау үшін 17:00-ге дейін хабарласу керегін айтып, жазба жариялаған. Жалпы алғанда мейрамхана мәзірінде палаудың бірнеше түрі, жеңіл сорпалар, салаттар, ташкент шайы, түрлі пісірме мен десерттер бар. Айтпақшы, осы мейрамхананың алатын еті ҚМДБ-ның халал сертификатына ие.

Capitol мейрамханасы

Ауызашар мәзірі: 7490-7990 теңге
Мекенжайы: Сығанақ көшесі, 62/3
Жұмыс уақыты: 24/7
Байланыс нөмірі: +7 (747) 620 45 66, +7 (7172) 40 93 98
Желідегі парақшасы: https://www.instagram.com/capitolcafe/

Бас қаладағы түрік асханасын дәмді әзірлейтін жерлердің бірі. ҚМДБ-ның халал сертификатына толықтай ие. Мейрамхана екі түрлі сет ұсынады. 7990 теңгелік мәзір мынадай: жеміс, сорпа, салат, ыстық тағамға искандер кебаб, capitol офте, бейти сарма, қой етінен кебаб, чоп-шиштің бірін таңдай аласыз, кептірілген жемістер, тәтті тағамдар, су, айран немесе сусын, шәй. 7490 теңге тұратын сеттің ішінде жеміс, сорпа, салат, ыстық тағамға адана кебаб, урфа кебаб, тауық шиш, пиде, донердің бірін ала аласыз, кептірілген жемістер, тәтті тағамдар, су, айран немесе сусын және шай бар.

Nektar coffee shop

Ауызашар мәзірі: 4000 теңге
Мекенжайы: Ұлы дала көшесі, 7/7, Қошқарбаев көшесі, 8
Жұмыс уақыты: 08:00—22:00
Байланыс нөмірі: +7 (777) 001 03 30, +7 (776) 101 82 92
Желідегі парақшасы: https://instagram.com/nektar_coffeeshop/

Астананың оң жағалауында да, сол жағалауында да болғаны тұрғындарға қолайлы болады деп ойлаймыз. Әлеуметтік желідегі парақшасында алдын-ала тапсырыс беру міндетті деп көрсетілген. Ендеше, сетке көшсек. Тауық еті қосылған цезарь салаты, сорпа, тауық етінен тамақ, құрма, су. Екінші мәзірде: малибу салаты, минестроне, болоньезе спагеттиі, құрма және су.

Xalva отбасылық мейрамханасы

Ауызашар мәзірі: 5500 теңге
Мекенжайы: Бараев көшесі, 23, Бөкейханов көшесі 6 (жақында ашылады)
Жұмыс уақыты: 12:00—02:00
Байланыс нөмірі: +7 (701) 022 55 51, +7 (700) 4720 72 70
Желідегі парақшасы: https://instagram.com/xalva.astana/

Мұнда мәзір апта күндеріне байланысты ауысып тұрады. Менюдің ішінен әркім бір сорпа, бір ыстық тағам және салат таңдайды. Ал қалған — бауырсақ, нан, су және құрма бәріне бірдей беріледі. Сонымен дүйсенбі күнгі мәзірде: ачичук салаты, майшабақ салаты, солянка, тауық сорпасы, ташкент палауы, сиыр етінен манты, қырыққабат қосылған бәліш, нан, бауырсақ, құрма, су немесе компот. Сейсенбіде: ачичук, үйдегідей салат, ташкент сорпасы, тауық сорпасы, ташкент палауы, тауық еті қосылған картоп, картоп қосылған бәліш, нан, бауырсақ, құрма, су немесе компот. Сәрсенбіде ачичук, нәзіктік салаты, сиыр етінен кеспе, тауық сорпасы, ташкент палауы, сиыр етінен қуырдақ, қырыққабат қосылған бәліш, нан, бауырсақ, құрма, су немесе компот ұсынылады. Бейсенбілік қонақтарға: ачичук, үйдегідей салат, сиыр етінен сорпа, окрошка, ташкент палауы, сиыр еті қосылған картоп, қырыққабат қосылған бәліш, нан, бауырсақ, құрма, су немесе компот. Жұмадағы меню мынадай: ачичук, кәрісше сәбіз салаты, мампар, жылқы етінен кеспе, ташкент палауы, сиыр етінен манты, картоп қосылған бәліш, нан, құрма, бауырсақ, су немесе компот. Сенбіде: ачичук, майшабақ салаты, тауық етінен кеспе, тұшпара, ташкент палауы, картоп езбесі мен голубцы, картоп қосылған бәліш, нан, бауырсақ, құрма, су немесе компот. Жексенбілік мәзірде бары: ачичук, нәзіктік салаты, ташкент сорпасы, сиыр етінен сорпа, ташкент палауы, сиыр етінен манты, қырыққабат қосылған бәліш, нан, бауырсақ, құрма, су немесе компот.

Meatpoint мейрамханасы

Ауызашар мәзірі: 7490-7990 теңге
Мекенжайы: Ұлы дала, 11/3
Жұмыс уақыты: 09:00—00:00
Байланыс нөмірі: +7 (778) 422 11 00
Желідегі парақшасы: https://instagram.com/meatpoint.astana/

Бұл мейрамхана да ҚМДБ-ның халал стандартына сай. Екі түрлі сет ұсынады. Бірінші сеттің бағасы — 7490 теңге. Ішіне мерджимек, езме, шопан салаты, нан, тәтті және ыстық тағам кіреді. Соңғысын мына тізімнен таңдап аласыз: аданан кебаб, баялды қосылған кебаб, саңырауқұлақ қосылған кебаб, дурум донер, тәрелкедегі донер, изгара кофте, тауық етінен кебаб, қызанақ қосылған кебаб, ассорти пиде, тауық еті қосылған пиде, суджук қосылған пиде, ет қосылған пиде, тартылған ет қосылған пиде, ірімшік қосылған пиде, жұмыртқа қосылған пиде, тавук изгара, тавук канат, урфа кебаб. Мейрамхана тарапынан әр қонаққа жемістер мен құрма беріледі. Екінші сеттің бағасы — 7990 теңге. Мәзірі дәл алдыңғыдай. Тек негізгі тағамда ғана айырмашылық бар. Ыстық тағам ретінде мыналардың бірін таңдауыңыз керек: ассорти кебаб, бейтисарма, гамалы кофте, искандер кебаб, қой етінен кебаб, сиыр етінен кебаб, керемет кофте, тепси кебаб, хашарлы кофте, чоп-шиш.

Mado мейрамханасы

Ауызашар мәзірі: 11 990 теңге
Мекенжайы: Қонаев көшесі, 14
Жұмыс уақыты: 10:00—00:00
Байланыс нөмірі: +7 (702) 075 07 15, +7 (701) 272 82 32
Желідегі парақшасы: https://instagram.com/madokazakhstan/

Әйгілі түрік мейрамханасы ауызашарға арнайы мәзір әзірлегенін жазыпты. Бағасы 11 990 теңге болатын сет әр күні өзгеріп тұрады. Мысалы сенбілік менюде сұйық тағамнан тархана, жасымық, қызанақ сорпасының бірі, грек салаты, негізгі тағамға дана инджик, десертке калбура басты бар. Сондай-ақ, сетке құрма, кептірілген өрік, қызанақ, қияр, зәйтүн, шағын бөрек, ичли кофте, шағын лахмаджун, сүзбе ірімшік, айран және шай кіреді. Тапсырысты алдын-ала бермесе, орын болмай қалуы мүмкін. Сейсенбі күнгі мәзір мынадай: саңырауқұлақ, жасымық және қызанақ сорпасының бірі, шопан салаты, донер палау, шекерпаре, құрма, кептірілген өрік, қызанақ, қияр, зәйтүн, шағын бөрек, ичли кофте, шағын лахмаджун, сүзбе ірімшік, айран және шай.