Қазақстанның солтүстігіндегі халық саны азайып барады

Жарияланды
Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 535 мың адам тұрады

Тәуелсіздік алғалы Солтүстік Қазақстан облысында тұратын халық саны екі есе қысқарған. Егер 1991 жылы облыста миллионға жуық адам тұрса, 2022 жылдың ақпанында тұрғындар саны жарты миллионға дейін қысқарды. Бұған халық санының табиғи кемуі де, теріс көші-қон сальдосы да әсер етіп отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында 1992 жылдан бері халық саны жылдан-жылға азайып келеді. Облыс тұрғындарының қатары жылына 0,8-0,9%-ға қысқарады. Былтыр бұл динамика 1,8%-ға дейін өскен.

Солтүстік Қазақстан облысы –республикадағы ең кішкентай облыс. Бұл аймақта халық санының табиғи азаюы байқалады (2021 жылы минус 1,9 мың адам). Теріс көрсеткіш қайтыс болғандар саны туғандардан жоғары екенін білдіреді.

Солтүстік Қазақстан облысынан шетелдерге көші-қон ағыны да басқа солтүстік-шығыс облыстардан жоғары. Жыл сайын Солтүстік Қазақстаннан 1,8-2,3 мың адам көшіп кетеді. Ресми статистика өзге елге тұрақты тұруға кеткендердің 67 пайызы орыстар екенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз