Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізеді

Жарияланды

Шектеу 15 маусымға дейін

Қазақстан бидай мен ұнды экспорттауға шектеу енгізеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Қазір ережелерді келісу процедурасы жүріп жатыр. Жақын арада, менің ойымша, екі апта ішінде шектеу енгізіледі. Біз оны 15 маусымға дейін енгізуді ұсындық. Ведомствоаралық комиссияда шешім қабылданды – 15 маусымға дейін», – деді Қарашөкеев мәжіліс кулуарында.

Қазақстан осы кезеңде 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна ұн сата алады. Бірақ өндірушілер ішкі нарықты елден шығарылатын көлемнің 10%-імен қамтамасыз етуге міндетті.

Министр бұл ұн мен бидай экспорттайтындардың құқығын шектемейтінін атап өтті.

Өйткені соңғы бес жылда орташа есеппен айына 100-120 мың тонна ұн сыртқа шығарылған.

Сол себепті 300 мың тонна ұн көлеміндегі квота экспоорттаушыларға шығын келтірмейді, деді Қарашөкеев.

Сондай-ақ оқыңыз