Жаңалықтар

Қазақстанда ғылыми OYLA журналы жабылатынын мәлімдеді

Бұған пандемияның экономикалық салдары және санкцияларға байланысты сатып алулардың төмендеуі себеп болды

Қазақстанда жеті жылдан бері 79 саны жарық көрген ғылыми OYLA журналы жабылады. Бұл шешімге пандемияның экономикалық салдары және Ресейге қарсы санкцияларға байланысты сатып алулардың азаюы, жеткізу тізбегінің үзілуі, қағаз және өндірістің басқа компоненттерінің құнының өсуі себеп болды. Бұл туралы Instagram-дағы редакцияның хабарламасында айтылған.

Редакцияның хабарлауынша, журнал елдің тек пайдалы жазбаларды емес, зияткерлік өнімді экспорттай алатынының үлгісіне айналды.

«Біз қазақ тілінде ғылым туралы жазғанымызды мақтан тұтамыз. Ғылым бір орында тұрмайды, көптеген жаңалықтар мен терминдер журналымыздың беттерінде алғаш рет қазақ тілінде сипатталды. Осы жылдар ішінде біз абоненттер алдындағы міндеттемелерімізді орындадық. Біз олардан қазір де бас тартпаймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ OYLA редакторлары ақшаны қайтару туралы мәліметтерді талқылау үшін жазылушылармен байланысатындарын қосты.

OYLA ғылыми-көпшілік журналы айына бір рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығып тұрды. Ол 12 жастан асқан балаларға арналған.