Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Жарияланды

Бибісара Асаубаева әйелдер арасында блиц бойынша ең жас әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 18 жастағы тараздық спортшы 30 желтоқсанда Варшавада өткен турнирде рекорд орнатқан. Ол кезде қызға 17 жас 307 күн болған.

Варшавада өткен әлем чемпионатында Асаубаева жылдам шахматтан (рапид) екінші орын алды. Грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзе мен қазақстандық Әсел Серікбайды ұтқан Бибісара халықаралық турнирдің жеңімпазы гроссмейстер Александра Костенюкпен тең ойнады.

Бибісара Асаубаева – Қазақстанның шахмат тарихындағы ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы. 2019 жылы қыз әйелдер арасында гроссмейстер атағын алса, келесі жылы ерлер арасында халықаралық шебер атанды.

Сондай-ақ оқыңыз